Рахим Чахкиев IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Джуниора Энтони Райтты жеңген ресейлік боксшы Рахим Чахкиев IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
32 жастағы Чахкиев 28 жастағы американдық Энтони Райтты Мәскеуде болған жекпе-жектіңсегізінші раундында нокаутқа түсірді.
Ресейлік өзінің 23 жеңісіне осылайша қол жеткізді. Ол кәсбіи рингте бір рет қана жеңілді. Райт болса, 13 рет жеңіп, бір рет тең түскен еді. Енді ол да алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.