Рахман Алшанов: Жолдауда айқын әрі нақты мәселелер көтерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер туралы сараптамалық пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рахман Алшанов: Жолдауда айқын әрі нақты мәселелер көтерілді

«Жыл сайынғы Жолдау бір жылға арналған міндеттерді айқындайды. Президент барлық аспектілерге тоқталып, біздің қаламызға тікелей қатысы бар ел қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Біріншіден, шағын және орта бизнесті, әсіресе шағын бизнесті қолдау. Неліктен мұндай айырмашылық бар десеңіз, өйткені шағын бизнес біздің кірістеріміздің негізгі көзі болып табылады. Бұл жағдайда біз оларға жағдай жасап, жыл соңына дейін салықтан босатып, олардың мемлекеттік тапсырыстарға, тендерлерге қатысуына жағдай жасауымыз керек», - деді Рахман Алшанов.

Рахман Алшанов маңызды реформалардың ішінде, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті қайта жаңғырту, аграрлық сектор мен өндірісті дамыту мәселелерін де атап өтті.

«Жолдау айқын және нақты болды. Көтерілген барлық аспектілер атаулы болды және олар көптеген мәселелерді шешуі тиіс», - деп қорытындылады Р. Алшанов.