Рак ауруымен күресуде жаяу жүрістің пайдалы екендігі дәлелденді

Дәрігерлер жаттығулардың пайдасы туралы бұрыннан бері айтып жүрсе де, осы зерттеу барысында ғалымдар жаяу жүрістен болатын өзгерістерге баса көңіл аударған болатын. Осы экспериментке 50-74 жас аралығындағы 73 мың 615 әйел адам атсалысты. Сарапшылар 1992-2009 жылдар аралығында олардың денсаулық жағдайына бақылау жасаған. Шараға қатысушылар күн сайынғы физикалық еңбек пен өзінің қалай сезінетіндігі туралы арнайы сауалнама парақты толтырып отырған. Қатысушылардың жартысына жуығы - тек жаяу серуенмен айналысатындығын айтқан. Дәрігерлердің сөзі бойынша олардың денсаулықтарында айтарлықтай ілгерілеушілік байқалған.
«Осы зертеулердің нәтижелері біз үшін өте маңызды. Күн сайынғы бір сағаттық серуен аурудың дамуын біршама тежейді, ал белсенді дене еңбегінің пайдасы одан да жоғары», деп атап өтеді ғалымдар.