Рақымшылдық туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына өтеді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Рақымшылдық туралы заң жобасы жақында Мәжілістің қарауына беріледі. Дәл бүгінгі күні аталған құжат Парламенттің тіркеу процессіне енгізілген.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елімізде рақымшылдық жасау жөніндегі заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. «Біз қазіргі күні рақымшылдық туралы заң жобасына қатысты жұмыс тобын белгілеп қойдық. Алдағы апталарда тәртіп бойынша тіркеуден өткен соң құжат Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жолданатын болады», - деді комитет төрағасы Рақмет Мұқашев.

Ал ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель Тәуелсіздіктің 20-жылдығы қарсаңында жария етілетін алдағы рақымшылдыққа сотталғандардың шамамен 13 мыңға жуығы ілігетінін атап өтті. «Оның ішінде бас бостандығынан айырылған орындардан 3 мыңнан астам адам босап шығатыны күтілуде. Қалғаны негізінен бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыс түрлері бойынша рақымшылдыққа ілігетін болады. Бұлардың арасына сот әлі қарамаған, орташа ауыр немесе аса ауыр емес қылмыстар үшін жауапты болған тұлғалар да қосылуы мүмкін», - деді И. Меркель. Оның айтуынша, рақымшылдық негізінен азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарына, кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, аяғы ауыр әйелдерге, зейнеткерлер мен мүгедектерге қатысты болмақ.

Соңғы жаңалықтар