Рақымшылық Заңын іске асыру соңғы фазасына енді: Ел бойынша 2300-ге жуық адам босатылды
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық туралы» Заң соңғы фазасына енді, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде қазіргі заңды іске асыру аясында ел бойынша темір тордың әр жағынан 2300-ге жуық адам босатылды, 457 сотталушының мерзімі қысқартылса, түрлі себептерге байланысты 30 сотталушының өтініші қабылданған жоқ.
Заңды іске асыру барысында соттармен қылмыстық түзеу инспекциясында есепте тұрған және қоғамнан аластатылмай жазасын өтеген 8 мың сотталушыға қатысты жазасынан босату туралы оң шешім қабылданды.