12:32, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Рамазан айында iPhone-да бұрын-соңды болмаған қосымша ашылмақ
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Ислами тақырыптарды қамтитын жоғары сапалы бейнеконтент жасаушылар iPhone-да өздерінің қосымшасы болатынын мәлім етті.
Бұл жайында Scoop.co.nz хабар таратты.Islam On Demand фирмасы хабарлағандай, iPhone, iPad және iPod пайдаланушылардың кез келгені Хамза Жүсіптің, Сухаиб Уэббаның, Жамал Бәдауидің және өзге де ғұламалардың асыл дініміз жайлы дәрістерін сол сәтте тегін тыңдауға мүмкіндік алады. Бұл мұсылмандарға Рамазан айында имандарын шыңдауға, рухани әлемін байытуға мүмкіндік береді дейді олар.Аталмыш қосымша беттің атауы - Islam On Demand iPhone.