Рамазан айында қағбаға 7 миллион қажы қонақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем мұсылмандарының қасиетті Рамазан айы биыл 29 күнге созылады.

Осы уақыт аралығында Мекке мен Мәдина қалаларына шамамен 7 миллион ұмра қажылығын өтеуші мұсылман келеді деп жоспарланған. Бұл қажылар қатарында Қазақстаннан барған мұсылмандар да бар.

Қажылық және ұмра министрлігінің Мәдинадағы ресми өкілі Мохаммед Беджавидің айтуынша, биыл қажылық визасының басым бөлігі Египетке - 1 млн 200 мың орын берілген. Екінші орында Пәкістан - 900 мың, үшінші Индонезия - 655 мың виза.

Мұнан кейінгі қатарда Үндістан, Түркия, Иордания, Алжир, Малайзия, Ирак пен Ұлыбритания елдері бар.

Ал Рамазан айындағы қажылардың қауіпсіздігіне 5 мың қызметкер жұмылдырылмақ. Қасиетті қос мешіт ауыз су мен қолшатырлармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі, деп жазады e-islam.kz.

Соңғы жаңалықтар