Рамазан бойы Пайғамбар (с.ғ.с) шапанын көру мүмкіндігі бар

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Түркия мұсылмандары ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған шапанды  Ыстамбұлдағы «Хырка-и Шериф» мешітінде тамашалай алады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Рамазан бойы Пайғамбар (с.ғ.с) шапанын көру мүмкіндігі бар

Бұл қасиетті жәдігерді бүгінгі күнге дейін аль-Карани әулеті сақтап келген. Кезінде аль-Карани әулетінің ата-бабасына ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  аманат ретінде тапсырған екен. 

muftyat.kz сайтының жазуынша, көрменің ресми ашылуына Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг пен Ыстамбұлдың муфтиі Рахми Яран қатысты. 

Бұндай қасиетті экспонатты мұсылман қауымы Рамазан айы бойы тамашалай алады.