Рамазан қарсаңындағы велошеру
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан қаласында қасиетті Рамазан айы қарсаңында Татар мұсылмандарының діни басқармасының Жастар бөлімі «Иман иорты» клубымен бірлесе отырып, велошеру ұйымдастырмақ, деп жазады muslim.kz.
Маусым айының 25-жұлдызына жоспарланған велошеру «Ярдэм» мешітінен басталып, Қазан қаласындағы құлшылық ордаларын басып өтіп, «Аль-Марджани» мешітінің аумағында аяқталмақ.
Айта кетерлігі, алғаш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш акцияға велосипедшілермен қатар, көлік жүргізушілері де қатысуға болады.