Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізді

футбол
Фото: әлеуметтік желіден алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силькеборг» сапындағы бірінші ойынын өткізді. 

Отандасымыз «Утрехт» командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға қосалқы құрамнан шықты.  Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, Рамазан «Силькеборг» командасымен Нидерланд жеріндегі оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Даниялық клуб келесі кездесуін 9-шілдеде «ПЕК Зволле» футбол клубына қарсы өткізеді. 

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Силькеборг» командасымен 2027 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram