Рамирес Головкинмен айқасатын ықтимал уақытты атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы, мексикалық Хильберто «Зурдо» Рамирес осыған дейін жеңіліп көрмеген Геннадий Головкинмен ерте ме, кеш пе қолғап түйістіреріне сенімді, деп хабарлады Sports.kz.
«(Головкин екеуміздің) жекпе-жегіміз әсте өтуі мүмкін. Ол менімен, ал мен онымен жұдырықтасқым келеді. Жекпе-жек осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін.
Оның күші бар, бірақ менің ойымша, барлық жауынгерде күш болады және олардың кез келгеніне жанына батар соққы жасауға болады, сондықтан біз осы айқасты өткізгіміз келеді. Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жететінімді және халыққа тіс батпайтын адамның болмайтындығын көрсете алатынымды білеміз. Бірақ, ең алдымен 22 сәуір күні Макс Бурсакпен айқасқа шығамын», - деп сұхбат берді Рамирес Fight Hub тілшісіне.