Рамирес Головкинмен айқасқа шығуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Хильберто Рамирес EsNews-ке берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен рингте кездескісі келетіндігін білдірді, деп жазады Sports.kz.

Рамирес Головкинмен айқасқа шығуға ниетті

«Бұл мен үшін де, Головкин үшін де, тіпті барлық жанкүйерлер үшін де керемет айқас болар еді.

GGG - ғажап боксшы, мен оны өте жақсы білемін, Әрине, мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді»,-дейді ол.

Хильберто Рамирес - 168 фунтта WBO нұсқасы бойынша  әлем чемпионы.

Геннадий Головкиннің 160 фунтта өзін қызықтырған айқастардың бәрін өткізген соң осы салмаққа көтерілуі күтілуде.