Рәміздер күні: Ақтауда патриоттар форумы өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда рәміздер күніне орай Патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: өңірлік коммуникациялар орталығы

«Мұндай форумдар жастардың патриоттық рухын, елге-жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлес қосатынына сенемін. Отан үшін аянбай еңбек етейік! Еліміздің көк туы әлемдік аренада көкке көтеріле берсін деп тілеймін», - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

Форумда спикер ретінде Қазақстан Халық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Әбдірашит Нияз, «Respublica» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, қоғам белсендісі Нұржігіт Хайруллаев, ақын, Ақтау қаласындағы №21 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағүл Мұрсалова, журналист Құралай Ізбасарова және ақын, «Қолдау» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Еділбек Дүйсенов сөз сөйлеп, патриотизм түсінігі жайлы өз ойларымен бөлісті.


Форумға ұстаздар, ЖОО студенттері және әскери қызметкерлер қатысты.

Әс-шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар, әскери қызметкерлер мен әскери-патриоттық қоғамдық бірлестіктердің ардагерлері және елге адал қызмет етіп жүрген азаматтар марапатталды.

Форум соңында патриоттық әндер шырқалып, көк туымыз көкке көтерілді.


Соңғы жаңалықтар