Рәміздер күні: Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді

None
Ашық көздерден алынған фото
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Созақ ауданындағы түлектердің тартуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. «Созақ» мектеп гимназиясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылға кіре-берістегі саябақ алдына рәміздер алаңын салып берді. 23 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды және Елтаңба мен Қазақстан картасы бейнеленіп, Әнұран мен ауыл тарихы жазылған үлкен белгі қойылды. Аллея аумағы абаттандырылып, шырша егілді.



«Рәміздер алаңы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлесін қосады деп сенемін. Алдағы уақытта мұнда көптеген іс-шаралар өтетін болады. Барша сыныптастар бірігіп, ортадан қаржы жинадық. Жалпы 10 млн теңгеге жуық ақша жұмсалды. Игі іске ауыл жастары Жасұлан Нысанбаев, Нұралы Темірәлиев, Ғабит Алпамысов, Нұрымбет Әметов, Мұрат Қаракеев, Жеңіс Көлшікбаев, Орал Сүлейменов және өзге де жігіттердің қосқан үлесі көп. Ауыл мектебіне де түлектербің тартуы ретінде үлкен орындық сыйладық»-дейді игі істі ұйымдастырушылардың бірі Роман Мақұлбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын түркістандық түлектер 6 отбасына тұрғын үй салып берген болатын.


Соңғы жаңалықтар
telegram