Раммасун дауылынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытайда өткен жұма күні орын алған Раммасун дауылынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі ақпаратына қарағанда, бұдан бөлек 20 адам із-түссіз жоғалған. Осы ведомствоның таратқан мәліметінше, дауыл салдарынан Хайнань, Гуандун, Юньнань өлкелерінде және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұратын шамамен 11 млн. адам зардап шеккен.
Ал апат салдарынан келген экономикалық шығын 1,1 млрд. долларға жуықтап отыр.