«Раммасун» тайфуны Вьетнамға таяп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың бірнеше елді мекенін ойрандаған «Раммасун» тайфуны Вьетнамға таяп қалды, деп жазады 24.kz.
Қазірдің өзінде табиғи апаттан 3 адам қаза тапқан. Құтқарушылар олардың денесін Вьетнамның солтүстігіндегі таулы-қыратты аймақтан тапты. Тайфунға байланысты мыңдаған тұрғын көшірілді.
Тоғыз мыңдай кеме жағалауда қаңтарулы тұр. Апаттан Қытайдың Хайнань курортты аймағы қатты зардап шекккен. Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетті.
Дауыл ағаштарды түп тамырымен қопарып, елді мекендерді байланыссыз қалдырды. 8 адам қаза тапты деген дерек бар.