Рамзан Қадыровтың қызы қари атанды

Әлеуметтік желілерде, Шешенстан басшысы: «Бүгін біздің отбасымызда үлкен қуанышты жағдай болып отыр. Табарак қызым Құран Кәрімді толық жаттап «қари» атанды. Табарак бар-жоғы 10 жаста. Бірақ ол Құранды шынайы ықыласымен жаттап шықты. Оның ата-бабалары бүкіл өмірін осы Алланың хақ жолында сарп еткен болатын», - дейді.
Оған қоса Рамзан Қадыров: «Қазір Шешенстанның аумағында исламды үйренуге және оны ұстануға барлық жағдай жасалған. Ал, бұрындары Шешенстанда мешіттер жоқ еді. Құран үйреткен кісілер абақтыға қамалатын», - деп, еске алған Рамзан Қадыров бүгінде Шешенстан Республикасында жүздеген мешіттер, 5 қарилар орталығы және 1 ислам университеті бар екендігін жеткізді.
Айта кететін жағдай, бұдан бұрын Рамзан Қадыровтың 6 баласы қари атанған болатын. Олар: қыздары - Айшат, Хутмат және Хадижат. Ұлдары - Али, Ахмад және Адам.