Раньери ФИФА нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең үздік бапкері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цюрихте ФИФА нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең үздік бапкері атанған Раньериге жүлдені аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона тапсырды.
«Бұл ерекше, таңқаларлық жағдай болды. Футбол тәңірі: «Лестер» ұтсын» деді. Осылай ғана чемпионатта жеңіп шығуға болады», - деді Раньери марапаттау рәсімінен кейін.
Раньериден басқа, бұл атаққа "Реалдың" бапкері Зинедин Зидан мен Португалия құрамасын басқаратын Фернанду Сантуш үміткер болды.
2016 жылы «Лестер» Раньеридің қамқорлығымен алғаш рет Англия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Фото: Риа Новости. Антон Денисов