Рано Умарова: Елбасы өте қайсар және күшті адам

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші, продюсер Рано Умарова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және коронавирус жұқтырған барлық қазақстандықтарға денсаулық тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рано Умарова: Елбасы өте қайсар және күшті адам

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Елбасы өте қайсар және күшті адам, бұл ауруды да еңсереріне сенімдімін. Мен оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін», - деді Рано Умарова.

Сонымен бірге, әнші коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық қазақстандықтардың сауығып кетуін тіледі.

«Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, мықты иммунитет пен жақсы көңіл-күй тілеймін. Бұл барлық қиындықтарды жеңуге септігін тигізеді. Жеке өзім әрбір адамның сауығып кетуін тілеймін», - деді әнші.

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.

Осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірлерінен жұртшылық Елбасының саулығын тілеп, ізгі ниеттерін білдіруде. Мұнан бөлек, Ресей Президенті Владимир Путин , Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған , Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди , Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілеп жеделхат жолдады.