Рәпіл Жошыбаев ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары лауазымындағы қызметін жалғастыра беретін болады.