Рапирамен семсерлесуден Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Семсерлесу
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкентте рапирамен семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен ел біріншілігінде жеңімпаздар анықталды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер және әйелдер арасындағы командалық сында Алматы қаласының спортшылары үздік атанды.  

Ал, ерлер арасындағы жекелей сында Ғалым Нұрымов топ жарса, қыздар арасында алтын медальді София Ақтаева жеңіп алған. 

Айта кетейік, екі спортшы да ұлттық құрама қатарында өнер көрсетеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар