Рашида Дати мен Карлос Гон сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот алдында жауап береді

АСТАНА. KAZINFORM – 2021 жылдан бері тергеу астында жүрген Францияның мәдениет министрі Рашида Дати Renault ісі бойынша сот алдында жауап береді. Бұл оның Париж мэрі қызметіне кандидатурасына қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды ВВС

Рашида Дати мен Карлос Гон сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот алдында жауап береді
Фото: Ludovic Marin, Pool via AP

Француз сот тергеушілері сейсенбі күні мәдениет министрі Рашида Дати мен Renault-Nissan компаниясының бұрынғы бас директоры Карлос Гон ісін қылмыстық сотқа жіберуге қаулы етті. Екеуі де сыбайлас жемқорлыққа және ықпал ету саудасына қатысты айыпталып отыр, деп жазады AFP. 

2026 жылдың наурыз айында Париж мэрі болады деп болжанып отырған Эмманюэль Макронның министрі Дати 2010-2012 жылдар аралығында өзі мүшесі болған Еуропарламенттегі Renault-Nissan тобына лобби жасау үшін 900 мың еуро алым алды деген күдікке ілінді.
Рашида Датидің халықтың қалаулысы мәртебесі оның адвокаттық қызметпен айналысуына кедергі келтірмейді және ол әрқашан бұл ақылы келісімде қарастырылған консультациялық қызметтер екенін айтты. Алайда судьялар оның іс жүзінде ешқандай жұмыс жасамағанына күдіктеніп отыр.

Renault-Nissan автокөлік альянсы еуропалық сайлауға қатысу үшін 2009 жылы әділет министрі қызметінен кеткеннен кейін Рашида Датиді кеңесші ретінде жалдады. 

2024 жылдың қарашасында Ұлттық қаржы прокуратурасы (PNF) Рашида Дати мен Renault-Nissan бұрынғы басшысы Карлос Гонды 2019 жылы басталған сыбайлас жемқорлық тергеуінің бөлігі аясында сот алдында жауап беруін талап етті. 

Рашида Дати Еуропарламентте француз өндірушісінің мүддесін қорғады деген болжам бар, тергеушілердің пікірінше, бұл бірқатар заңдар бойынша дауыс беру қорытындыларына әсер етті.

Екі сотталушы да тағылған айыптарға қарсы шығып отыр.

Айта кетейік, Франция Сенегалдағы соңғы әскери бөлімдерін шығарды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум