Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы болып тағайындалды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл турады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бұл туралы тиісті өкімге ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қол қойды.

Қажыбаева Раушан 1978 жылы дүниеге келді. Мамандығы бойынша журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетін тәмамдаған.

«КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілік қосынында журналист қызметін атқарды, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

Екі медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар