Раввиндер Еуропадағы еврейлердің көшуі мүмкіндігін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің бас раввині Пинхас Гольдшмидт Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы шешімі радикалды исламизимнің ұлғаятынын және оның Еуропадағы еврей жұртшылығына қатер төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Еуропадағы раввиндер кеңесінің басшысы боп табылатын Гольдшмидт Еуропарламент депутаттарына мемлекет басшылары заманауи қауіп-қатерлерге дер кезінде тойтарыс бермесе, Еуропаның қирайтынын, отыз жылдан кейін «апатты салдар» болатынын айтты, деп жазды Independent.
Оның айтуынша, еврейлер радикалды исламизм мен оңшыл антисемитизмнің ортасында қалды.
Раввин бельгиялық және франциялық еврейлердің 36-40 пайызы антисемиттік шабуылдардан өз діндерін жасыратыны, ал 22 пайызының еврейлердің шарасынан бойын аулақ ұстайтыны туралы сауалнама қорытындыларын көрсетті. Сонымен бірге, ол статистикалық мәліметтерді де мысалға келтірді, он мыңдаған еврейлер Еуропа Одағы аумағынан кетіп қалған және бірнеше мың еврей кетуге қажетті құжаттарды реттеп жүр.
Гольдштейн қазіргі хал-ахуал өзгермесе, Еуроодақты сәтсіздікке ұшыраған эксперимент деп атауға болатындығын айтты.