Райымбек Баталов Нүкеновтер әулетіне көңіл айтты

Райымбек Баталов
Фото: raimbek.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов атышулы Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Қ. Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың белгілі кәсіпкермен байланысқанын айтып, айыптаған еді.

«Достар, мен соңына дейін Бишімбаевтың сот процесіне пікір білдіргім келмеді, бірақ менің атыма кір келтіретін сұмдық айыптаулар мәлімдеме жасауға мәжбүр етті. Айыпталушының менің атыма айтқан жаласы – ашық сандырақ, ақылға қонбайтын өтірік. Сіздерді бұл өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын», - деді Райымбек Баталов Instagram желісінде жарияланған бейнеүндеуінде.

Райымбек Баталов Салтанаттың туыстары мен жақындарының қызының абыройын қорғауға және талап етуге мәжбүр болғаны аянышты екенін атап өтті.

«Бұл - асқан сұмдық. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын», - деді ол.

Айта кетейік, елордада экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Қазір ашық сот отырысында айыпталушының жеке ұялы телефонындағы аудио, фото, видео дәлелдерді зерттеуде.

 

Соңғы жаңалықтар