Райымбек ауданында 20 жастағы жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

РАЙЫМБЕК. ҚазАқпарат - Алматы облысында өз ауылдасына пышақпен дене жарақатын салған 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Райымбек ауданында ауылдас жігіттердің сөзге келіспей қалуы қылмысқа ұласып, 20 жастағы жігіттің ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түсуімен аяқталды.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында ауылдасына қасақана пышақ жарақатын салған 20 жастағы жігіт екені анықталды. Оқиға орнынан пышақ табылып, іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді.

«Жастар арасындағы кикілжің ауыр қылмысқа әкеп соққан. Қазір оқиғаға қатысқан тұлғалар анықталды. Медициналық куәландыру барысында олардың ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Райымбек ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мұрат Нұрдәулетов.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары ауыл балаларының арасындағы кикілжің неден туындап, қылмысқа баруына не себеп болғаны анықталатын болады.


Соңғы жаңалықтар