Райымбек батырдың анасы - батырлар әулетінің ұрпағы

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Райымбек батыр туралы жазбалардағы мына бір мағлұмат Райымбек батырдың анасы батырлар әулетінің ұрпағы екендігінен хабардар ететіндей.
None
None

 «Жалайыр елiне жау тиiптi» деген хабар албан тайпасына жетедi. Қарт бурадай қаһарына мiнген Хангелдi батыр жасағын соң­ы­нан ертiп, құба қалмаққа қарсы аттанады. Шапқыншылық жасаған жаудың бетiн қайтарып, қалмақ қолбасшысының басын алып, рулы ел жалайырды басқыншы жаудан құтқарады. Бұл кезде Орақты батыр жырақта жүрген кезi екен, елiне жау тигенiн естiп оралса, албан Хангелдi ел тыныштығын алған құба қалмақтың басын алғанын, ел iшiне қалыпты тыныштық орнағанын көредi. Хан­гелдi батырдың ерлiгiне риза болған Орақты батыр сый-сияпат жасап, аттана­рында бұ­йым­тай сұрайды. Сонда Хангелдi батыр: «Арамызды жекжаттық жалғастырса деп едiм, қисаң, қызың Қарашашқа үкi тақсам қалай?» - дейдi. Екi жақ келiсiмге келiп, құдаласады.

Хангелдi батыр күтпеген жерден жалайыр Орақты батырмен құда болып, қызы Қара­шаш сұлуды Түкеге алып бередi. Тектi әулеттiң қызы Түкеге қосылған соң Райымбек, Толмаш атты ұлдарды дүниеге әкеледi, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Соңғы жаңалықтар