Райымқұлованың Рыпакованы құттықтауы: Үш қарғып секіруден үздік екеніңізді дәлелдедіңіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеңіл атлет Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Ольга! Сізді VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда топ жаруыңызбен құттықтаймын. Сіз үш қарғып секіруден үздік екеніңізді тағы бір мәрте дәлелдеп, бұл жолы да жеңіс тұғырынан көріндіңіз. Олимпиада ойындары секілді төрт жылда бір рет өткізілетін байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, алтыннан тағынған жүлдеңіз құтты болсын!», - делінген министрдің құттықтауында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтағанын хабарлаған едік.

Естеріңізде болса, кеше қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар