«Реал» Бэйлге 100 млн. еуро, Суареске 45 млн. еуро беруге әзір

Массимилиано Аллегри бапкердің «Ромаға» деген сапары сәтсіз аяқталды. Келісмге келмек болған бапкердің ниеті орындалмады. Ол «Миланда» қалды. Ал «Миланның» бапкері болып «россонеридің» аңыз ойыншыларының бірі Зеадорфтың келетіндігі жалған сөз болды. «Қасқырлардың» әзірге бапкер іздеуі әрмен қарай жалғасуда. Белгілі бапкер Лоран Блан «Бордоның» бапкері болды. Ендеше «Ромаға» керек бапкер табылмаған сыңайлы.
«Фиорентина» клубы ағылшындық «Вест Бромвичтың» жартылай қорғаушысы Юссуф Мулумбаны сатып алуға ниетті. Ол үшін 5 млн. еуроны беруге әзір. Ағылшындық клубтың бас бапкері Стив Кларк ойыншыны сақтап қалғысы келеді. Бірақ Мулумбаның өз командасымен арадағы келсім-шартты ұзартудан бас тартты. Бәлкім «Фиорентинаның» ойыншысы болып қалар.
Махачкалалық «Анжидің» директоры бразилиялық Роберто Карлос командамен қоштасты. Даңқты қорғаушы енді түркиялық «Сивасспордың» бас бапкері болмақ. Клуб басшылығы Карлоспен ресми түрде келісімге келді.
«Монако» футбол клубы осыған дейін Фалькао, Моутинью жәнеде Родригеспен келісімге келгендігін жақсы білеміз. Ендігі «Монаконың» нысанасына іліккен ойыншы бразилиялық Фернандо болып отыр. Фернандо үшін 20 миллион еуро төлемек.
Дани Карвахаль «Байерден» «Реалға» қайтып оралды. 21 жастағы ойыншы өзін көрсетіп, жақсы ойынымен жанкүйерді сүйсінте білді.
Sunday Times-тің берген ақпаратына сүйенсек, «Реал» Гарет Бэйл үшін 100 миллион еуро беруге әзір. Күннен-күнге қымбаттап бара жатқан Бэйл де «Реалға» баруға ниетті. Бұл ауысым шынымен жүзеге асып жатса, онда Бэйл, трансферлік құны бойынша Роналдудың алдына түспек.
Жазғы ауысым барысында қатты шығындалатын клубтардың бірі «Реал» болып тұр. Бэйлдің бағасын өсірді, ендігі көзідеріне іліккен ойыншы ағылшын алаңында жасындай жарқыраған Луис Суарес. Уругвайлық шабуылшы үшін «корольдік» клуб 45 миллион еуроны беруге дайын.
«Севилья» футбол клубының және Испания құрамасының ойыншысы Хесус Навас «Манчестер Сити» футбол клубының қатарын толықтырмақ. Навас үшін ағылшындық клуб 30 миллион еуро бермек. Бұл турасында Навастың пікірі де, ойы да келісе кетті.
Италия құрамасының қаһармандарының бірі болған Дженнаро Гаттузо өз отанына қайтып оралмақ. Оның үстіне сүйікті «А Сериясында» бағын сынап көрмек. Ойыншы есебінде емес, бапкер ретінде. Gazetta Dello Sport-тың жариялауынша Гаттузо «Палермо» командасының бүгін бапкері болып тағайындалды.
Римдік «Рома» жаңа бапкер ғана емес, жаңа ойыншыларды да іздеп жатыр. «Қасқырлар» қазірден «Удинезе» командасының қорғаушысы Мехжи Бенатиюнмен келісімге келу үшін барын салып жатыр. Аталған қорғаушыны өз қатарларына қосқысы келіп отырған тек «Рома» ғана емес, тізімде «Наполи», «Милан» да бар.
Пабло Освальдо үшін болар талас-тартыста «Интер» клубы аянып қалар емес. 27 жастағы ойыншы үшін барын бермек. Освальдо осы ауысым барысында «Романың» қатарынан кетпек. Освальдоға қызығушы клубтардың қатары көп. «Ювентус», «Наполи», «Фиорентина», «Ньюкасл», «Тоттенхэм» және де «Атлетико» сынды беделді, белсенді клубтар бар. Освальдоның қазіргі белгіленген соммасы 14-15 миллион еуро.
«Реалдың» қатарына бір маусымға жалға берілген ойыншы Майкл Эссьен клубтан кетті. Ганалық ойыншы қайтып «Челси» сапына келіп қосылды. «Реалдағы» әр күнін бақытқа балап, ерекше әсер алғандығын, қимастықпен қоштасқаны туралы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
Ағылшындық «Челси» футбол клубының бапкері болып Жозе Моуринью ресми түрде тағайындалды. Келісім-шарт мерзімі төрт жыл және қырық миллион фунтқа қол алысқан.
«Боруссия» футбол клубының футболшысы Якуб Блащиковски клубпен арадағы келсім-шарттың мерзімін 2016 жылдан, 2018 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы клубтың арнайы сайты хабар таратты.
«Рома» футбол клубының қақпашысы Мартен Стекеленбург өзінің мансабын ағылшын алаңында жалғастырып қалуы ықтимал. Стекеленбургтің жаңа командасы «Фулхэм» болып қалуы әбден мүмкін. 30 жастағы қақпашы үшін ағылшындық клуб 3,5 миллион еуро төлемек. Бұл туралы клуб басшылығы бас қатыруда. Себебі «қасқырлардың» қазіргі жағдайын айтпағанда, қақпашы мәселесіне келгенде біраз тосылып қалды.