03:41, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
«Реал» Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Атлетиконы» жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық матчында екі мадридтік командалар - «Реал» мен «Атлетико» кездесіп, «Реал» «Атлетиконы» 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Сантьяго Бернабеудегі» ойынның оныншы минутында Криштиану Роналду алаң иелерін алға бастады. Роналду Еуропа Кубогының плей-офф кзеңінде 50 гол салған алғашқы футболшы болды. Ал ойынның бірінші таймы 1:0 есебімен аяқталды.
Үзілістен соң «Реал» ойында басымдық танытуын жалғастыра берді, Роналду болса гол салуын тоқтатпады. Нәтижесінде оның командасы қарсыластарынан әлдеқайда мықты екендіктерін көрсетті. Есеп 3:0. Бұл есеп «Атлетиконы» финалда өнер көрсетуі үшін қажетті соңғы мүмкіндіктен айырды. Қарымта кездесу 10 мамыр күні өтеді.