«Реал Мадрид» «Челси» командасынан Кукурельяны $70 млн долларға сатып алды
АСТАНА. KAZINFORM — «Реал Мадрид» лондондық «Челси» командасының қорғаушысы Марк Кукурельяның өз командасына ресми түрде ауысқанын мәлімдеді. Келісімшарт құны бонустарды қоса есептегенде 51,8 млн фунт стерлинг (шамамен $70 млн) болды, деп хабарлайды BBC.
27 жастағы футболшы испандық клубпен 6 жылдық мерзімге келісімшарт жасасты. Тараптар арасындағы келісімге 14 маусым күні қол қойылған, ал ол туралы ресми мәлімдеме келесі күні жасалды. Трансфердің базалық сомасы шамамен $64 млн-ға бағаланды, одан басқа бонустық төлем ретінде 5,8 млн доллар қарастырылған.
Қазіргі таңда Кукурелья Испания құрамасының сапында 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысып жатыр. Ол 2022 жылдың жаз айында «Челси» командасына испандық «Брайтоннан» ауысты, ол жолы трансфер құны $85 млн болған еді. Қорғаушы «Барселона» академиясының шәкірті, сондай-ақ осыған дейін бірнеше мәрте Испания чемпионатына оралады деген ақпарат тараған болатын.
Британдық БАҚ-тың жазуынша, футболист туған еліне көшкісі келген. Сондай-ақ оны мадриттік «Атлетико» және «Барселона» командалары сатып алуды көздеген.
Кукурелья клуб президенті Флорентино Пересо қайта сайлануы және Жозе Моуриньюның бас бапкер қызметіне тағайындалуынан кейін басталған «Реал» құрамын ауқымды жаңарту үдерісі аясында ауысып жатыр.
Сондай-ақ, мадридтіктер «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва, «Интер» қорғаушысы Дензел Дамфрис және француз қорғаушысы Ибраим Конатемен келісімшартқа отыру мүмкіндігін қарастырып жатқан көрінеді.
Кукурельяның «Челси» командасымен келісімшартының аяқталуына әлі үш жыл бар еді, бірақ лондондық клуб мадридтіктердің ұсынысынан кейін, ойыншыны сату туралы шешім қабылдады.
Өткен маусым «Челси» үшін сәтсіз болғанын атап өткен жөн. Команда Англия чемпионатын 10-шы орынмен аяқтап, еурокубокқа қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Еске сала кетейік, FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлделік қорын $871 млн АҚШ долларына дейін арттырды.
Бұдан бөлек, әлемдегі ең қымбат футболшы белгілі болды
Аружан Масимбай