«Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания астанасы Мадридте БҰҰ-ның Экологияның өзгеруі проблемалары жөніндегі 25-ші Дүниежүзілік конференция басталды. Оған спорт ұжымдары да қолдау көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты

Marca басылымының хабарлауынша, Мадридтің «Реал» командасы сенбі күні өз алаңында Испания чемпионатының 16-туры аясындағы «Эспаньолға» қарсы өткізетін ойынында әдеттегідей ақ түсті жейдемен емес, жасыл жейдемен алаңға шықпақ.

Осы арқылы Корольдік клуб БҰҰ климат өзгеруі жөніндегі 25-ші Негіздемелік конвенциясы аясындағы жасыл әлем бастамасына қолдау көрсетпек.

Бұдан бөлек, стадионның қасбетіне 25-ші Конвенцияға арналған биіктігі 19,60 метр, ені 35,77 метр келетін баннер ілінеді. Ол Конференция аяқталғанша – 13 желтоқсанға дейін тұрады.