«Реал Мадрид» Жозе Моуриньоны жеңіспен шығарып салды

Соңғы тур үздіктер үшін аса қатты маңызды болмағанымен аутсайдерлер үшін шешуші кездесулер өтті. Қауіпті аймаққа барып қайтқан «Сельта» келер жылыда Испан примерасында ойнайтын болды. «Мальорка», «Депортиво» және «Сарагоса» примерамен қош айтысты. Соңғы ойындар біреуге жеңіс, енді біреулерге жеңіліс. Жалғыз Негредоның өзі 4 доп соғып, «Валенсияны» чемпиондар лигасына берілетін жолдамадан қақты. Ал келер жылы чемпиондар лигасында «Реал Сосьедад» ойнайтын болады. Бұл соңғы турдың нәтижесі. «Аламан» Испания біріншілігіне шолу жасады.
«РЕАЛ МАДРИД» - «ОСАСУНА» 4:2 (2:0).
Мадрид. «Сантьяго Бернабеу» алаңы. Төреші: Перес Ласа (Андоайн).
Голдар: Игуаин 35 (1:0), Эссьен 39 (2:0), Торрес 52 (2:1), Сехудо 63 (2:2), Бензема 70 (3:2), Кальехон 87 (4:2).
Бапкерге тиесілі атақ-дәреженің барлығына ие болған аңыз бапкер Жозе Моуриньо «Реал» командасындағы соңғы ойынын өткізді. Соңғы кездесуіне жоспар құрды, тактикалық тұрғыдан, физикалық күштен «корольдік» команданың ойыншыларын дайындады. Өкініштісі «Реалдан» кететін жылы бәрінің астаң-кестеңі шықты. Ойы күйреді. Чемпиондар лигасында қара басты, кубоктың финалында жаңылды, примерада алдына «Барсаны» шығарып алды. Биыл жолдары болмады. Әзірге үздік саналатын қос португалдық (Моуринью мен Роналду) Еуропа шыңын бағындыра алатын емес. Моуриньо аз еңбек сіңірген жоқ, талайдан бері басын көрсетпей келе жатқан Испанияның кубогын ұтып алып берді, ішкі біріншілікте топ жарды. Қарапайым «Портумен» ғана Еуропа шыңын бағындырған бапкер ендігі маусымын «Челсиде» өткізбек. Бұл соңы емес. Аңыз бапкерлер тізіміне ерте жазылған бапкер кеше ғана үлкен футболдан қимастықпен қоштасқан Фергюсондай болмаса биыл барлық кубокты ұтып алып, бақты бастарына қондырған «Баварияның» бапкері Хайнкестен абыроймен қоштасатынына сенімдіміз.
Моуриньо «Реал» командасындағы соңғы ойынын «Осасунаға» қарсы өткізді. Командасы белсенді қимылдады. Роналдусыз алаңда доп теуіп жүрген әріптестері орынын жоқтатпауға тырысып бақты. Отыз бесінші минутта Игуаин есеп ашты, артынша маусымда қосалқы құрамда жиі қалып қоятын Эссьен, есепті еселеді. Эссьен осы жолы негізгі құрамда ойнады.
Екінші таймда алаң иелерінің жаны мұрынының ұшына бірақ келді. Келетіндей-ақ!. Торрес елу бесінші минутта, Сехудо алпыс үшінші минутта гол салып, есепті теңестірді. Таразы басы теңесті. Дәл жетпісінші минутта алаңда айрықша ойынымен көзге түсіп жүрген Бензема гол салды. Уақыттың сексен жетінші минутында Кальехон бүкіл ойынға нүкте қойды, «Реал» Моуриньоны жеңіспен шығарып салды.
«БАРСЕЛОНА» - «МАЛАГА» 4:1 (3:0).
Барселона. «Камп Ноу» алаңы. Төреші: Айса Гамес (Валенсия).
Голдар: Вилья 4 (1:0), Фабрегас 14 (2:0), Монтойя 16 (3:0), Иньеста 52 (4:0), Моралес 56 (4:1).
«Барселона» мерейлі мерекесін тойлап жатыр. Жүз ұпай жинап Испан примерасын бағындырды. Байырғы қарсыласы «Реалды» және мадридтік «Атлетиконы» артқа тастады.
«САРАГОСА» - «АТЛЕТИКО» 1:3 (0:0).
Сарагоса. «Ла Ромареда» алаңы. Төреші: Хавьер Эстрада Фернандес (Лерида).
Голдар: Арда Тұран 84 (0:1), Поштига 89 (1:1), Коста 90 (1:2), Коста 90+1 (1:3).
«СЕВИЛЬЯ» - «ВАЛЕНСИЯ» 4:3 (2:1).
Севилья. «Рамон Санчес Писхуан» алаңы. Төреші: Карлос Гомес (Сарагоса).
Голдар: Банега 12 (0:1), Негредо 40 (1:1), Негредо 44 пенальти (2:1), Сольдадо 56 (2:2), Негредо 57 (3:2), Негредо 61 (4:2), Сольдадо 88 (4:3).