«Реал» Роналдудың жылдық жалақысын 30 млн еуроға көбейтпек

АСТАНА . ҚазАқпарат - «Реал» шабуылшы Криштиану Роналдуға жалақысын көтеру жөнінде жаңа келісмшарт ұсынады.

«Реал» Роналдудың жылдық жалақысын  30 млн еуроға көбейтпек

ABC ақпаратына қарағанда,  мәміле бойынша 32 жастағы шабуылшының жылдық жалақысы 9 миллион еуроға, яғни  21-ден 30 миллионға көбейеді.

Португалдықтың өзі мадридтіктердің басшыларына  «Сантьяго Бернабеуден»  кетуді жоспарлап отырмағандығын және қалатындығын аңғартты.

Жалақысы көбейгеннен кейін Роналдудың сомасы  Неймардың қазіргі уақытта « ПСЖ» командасынан алатын  қаржысына теңесіп қалмақ.