«Реал» стадионынан жарылыс қаупінен адамдар көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» аренасы - «Сантьяго Бернабеу» стадионы маңынан табылған бомба жарылуы қаупінен адамдар көшірілді, деп хабарлады «Российская газета».
None
None

Клубтың ресми Твиттері хабарлағандай, жарылғыш зат қаланың теміржол вокзалы жанындағы қоқыс салатын жәшіктен табылған.

Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, полиция бомбаны зарарсыздандырды, зардап шеккендер жоқ.

«Реал» аренасы 1947 салынған, ол «корольдік клуб» президенті Сантьяго Бернабеудің есімімен аталған, ол басқарған тұста (1943-1978) мадридтіктер алты еуропалық чемпиондар кубогын жеңіп алды және көптеген елішілік жарыстарда жеңіске жетті.

«Сантьяго Бернабеуде» алғашқы матчты команда 1947 жылы 14 желтоқсанда португалдық «Белененсешпен» өткізді (3:1). Аренаға 85 600 көрермен сияды. Стадион 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалын және 1982 жылғы ғаламшар біріншілігін қабылдады. «Сантьяго Бернабеуде» сондай-ақ төрт рет (1957, 1969, 1980 және 2010 жылдарда) чемпиондар лигасы өтті.

Соңғы жаңалықтар