«Реалдың» атақты шабуылшысы ес-түссіз жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның танымал футболшысы, Мадридтің «Реал» командасының құрметті президенті Альфредо ди Стефаноның жүрегі тоқтап, комаға түсті.

«Реалдың» атақты шабуылшысы ес-түссіз жатыр

Бұл туралы Marca испандық басылымы хабарлады.

Ди Стефаноның жүрек талмасы сенбі күні Мадридтің «Сантьяго Бернабеу» аренасына жақын маңда ұстап қалған. оның жүрегі 18 секундқа соғуын тоқтатты. Жұмада ғана 88 жасқа толғанын атап өткен бұрынғы шабуылшы бірден ауруханаға жатқызылды.

Қазір ди Стефано интенсивті терапия бөлімінде комада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.

Ди Стефано «Реал» командасында 1950-1960 жылдардағы ойынымен танылды. Ол 282 матчқа қатысып, 216 доп соққан. Буэнос-Айресте туған футболшы үш елдің ұлттық құрамасында - Аргентина, Колумбия және Испанияда ойнады.

ФИФА оны 20-ғасырдың үшінші футболшысы деп таныды. Ди Стефано 2000 жылдан бері «Реалдың» құрметті президенті, ал 2008 жылдан бері УЕФА-ның құрметті басшысы болды.