Реалити-шоуға қатысушы түсірілім кезінде көз жұмды

СОФИЯ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Болгарлық «Остаться в живых» реалити-шоуына қатысушылардың бірі түсірілім кезінде көз жұмды.
None
None
Ол бағдарлама Тынық мұхитында, Филиппин аралдарының бірінде түсіріліп жатқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. 53 жастағы Нончо Воденичаровтың өліміне жүрек талмасы себеп болған. Дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқанына қарамастан, Нончо Воденичаров көз жұмған. Телешоу продюссерлері, конкурсанттар үнемі өтетін дәрігерлік тексерулердің барысында Воденичаров толық салауатты деп танылғанын мәлім етуде. Қайтыс болған азамат әр жылдары каскадер және әнші, ал соңғы жылдары ? Болгарияның оңтүстігіндегі қалалардың бірінің мэрі болған екен.
Соңғы жаңалықтар