«Реалмен» тең ойнаған «Ювентус» 12 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының ақтық кезеңіне өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туриннің «Ювентус» командасының футболшылары Чемпиондар лигасындағы жартылай финалдық ойында мадридтік «Реалмен» тең түсіп, жарыстың ақтық кезеңіне өтті.
Мадрид қаласында сәрсенбіде болған ойын 1:1 есебімен аяқталды. «Реал» командасы құрамындағы Криштиану Роналду пенальтиден (23) қақпаны дәл көздеді. Итальяндықтардың арасында Альваро Мората (57) көзге түсті.
Енді «Ювентус» финалда испаниялық «Барселонамен» ойнайды. Бұл кездесу 6 маусым күні Берлиндегі Олимпиада стадионында өтпек.