13:37, 14 Қаңтар 2011 | GMT +5
Референдум халықтың ойының көрінісін сипаттайтын ең биік өлшем - Ө.Байгелди
АНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» заң бірлескен отырыста бірауыздан қабылданды.

Енді референдум өткізуге жол ашылды»,-дейді сенатор Өмірбек Байгелди. Бұл пікірін ол бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында білдірді.
«Халқымыздың 5 миллионнан астамы референдум өткізуге қолдау білдірді. Меніңше, халықтың ойы дұрыс. Парламент те осыған сай шешім қабылдады. Енді референдум өтеді деп ойлаймын. Референдум бізге өте қажет. Ол халықтың ойының көрінісін сипаттайтын ең биік өлшем. Ол әдеттегі сайлаудан да биік тұратын ұғым. Сондықтан халық мұны өзі шешсін. Ал Президент референдум өткізуді енді құптайды деген ойдамын. Өйткені бұған қатысты мәселенің барлығы шешілді»,-деді Ө.Байгелди.