Референдум қарсаңының өзінде халықтың қолдауы Президент сайлауында Елбасымыздың толықтай жеңіске жетуінің алғышарты - М.Тәжімұрат

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Референдум қарсаңының өзінде халықтың қолдауы Президент сайлауында Елбасымыздың толықтай жеңіске жетуінің алғышарты.

Референдум қарсаңының өзінде халықтың қолдауы Президент сайлауында Елбасымыздың толықтай жеңіске жетуінің алғышарты - М.Тәжімұрат

Бұл пікірді бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу арнағаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Астана» журналының директоры Мақсат Тәжімұрат білдірді.

Оның атап өтуінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде екі нәрсеге, атап айтқанда тарихи жауапкершілік пен демократияның сынағы деген мәселелерге екпін түсіріп айтты. Дәл осы екі мәселе Елбасының бүгінгі сөзінің түпқазығы, өзегі десек те болады.

«Менің ойымша, референдум қарсаңының өзінде халықтың қолдауы Президент сайлауында Елбасымыздың толықтай жеңіске жетуінің алғышарты, мүмкіндігінің көрінісі болды ғой деп ойлаймын. Сондықтан бүгін Елбасының арнайы бірінші рет демократиялық жолмен сайланған Қазақстанның Президенті бола отырып халыққа қайырылып, демократиялық құндылықтарға адалдығын сақтап қалуы, егер Парламент заң қабылдап жатса, мерзімінен бұрын болайын деп отырған сайлауда өзінің толықтай жеңіске жететіндігіне сенімінің арқасы деп ойлаймын. Сондықтан сенімге қолдау көрсетейік», - деді ол.