Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 маусым (жексенбі), яғни референдум өтетін күні елордада қоғамдық көлік тегін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Осылайша, кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру басталған бері 34 миллионға жуық сапар жасалды.


Соңғы жаңалықтар