Референдум өткізуді ұсынған бастамашы топ ОСК-ға Қазақстан азаматтарының 5 млн. астамы қол қойған парақтар тапсырды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы Елбасы өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы батаманы қолдады.

Референдум өткізуді ұсынған бастамашы топ ОСК-ға Қазақстан азаматтарының 5 млн. астамы қол қойған парақтар тапсырды

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында бастамашы топтың жетекшісі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

«Біз Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан азаматтарының 5 млн. астамы қол қойған парақтарды тапсырдық. Бұл республика сайлаушылары санының жартысынан артық. Біздің бастама еліміздің барлық өңірінде және қалың бұқара арасында зор қолдауға ие болды»,- деді ол.