Референдум ойдағыдай өтті деген алғашқы қорытынды жасауға болады - алматылық байқаушы

Спикердің айтуынша, референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халық белсенді қатысып жатыр. Ол сондай-ақ бүгінгі сайлау процессі жайлы өз ойын бөлісті.
«Сайлау процесінің тоғыз сағаты өткен соң елімізде референдум өтті деген алғашқы қорытынды жасауға болады. Адамдар келіп, референдум өткізуге қолдау көрсетті. Екінші қорытынды - Алматы қаласы электоралды ұйқыдан оянды десе болады. Себебі, біздің мәлімет бойынша кей аудандарда учаскеге халықтың 30%-дан астамы келіп, дауыс берген», - деді А.Братенков.
Сондай-ақ ол бір учаскеде комиссия мүшелерінің бір адамның екі бюллетенді алғанына назар аудармағанын, аталмыш заңбұзушылықты тәуелсіз бақылаушылар актілегенін мәлімдеді.
Сөз соңында Александр Братенков Алатау ауданы тұрғындарының электоралды белсенділігін атап өтті.