Референдум: Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев дауыс берді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Париж төрінде көк туымызды желбіреткен Демеу Жадыраев Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда дауыс берді.

Демеу Жадыраев
Фото: almaty_obl_sdd

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Демеу Жадраев өз таңдауын жасады.

Осыған дейін танымал қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай өз таңдауын Алматыдағы №186 орта мектепте орналасқан № 515 референдум учаскесінде жасаған болатын.

Сондай-ақ атақты спортшы – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов, референдумға қатысудың маңыздылығы туралы айтқан еді.

Ал, Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Тараз қаласындағы N82 сайлау учаскесінде дауыс беріп, қазақстандықтарды референдумнан тыс қалмауға шақырды.