Референдум: Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияда тәуелсіздік жөніндегі референдум аяқталды. Мұнда бөлінуге қарсы шыққандардың саны басымырақ болды. Осылайша Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд тәуелсіздік үшін дауыс берген 1,6 миллион азаматқа алғысын айтып, жеңілгенін мойындады.
Сондай-ақ ол референдумға келгендердің санының жоғары болғанын атап өтті.
Сайлау учаскелеріне бейсенбі күні азаматтардың 80%-дан астамы келді.
Елдің бөлінуін қолдағандардың дені Данди қаласынан болды: мұнда тәуелсіздік үшін азаматтардың 57,35% дауыс берген.
Ірі қалалардың бірі Глазго тәуелсіздікті қолдап дауыс берсе, Шотландия астанасы - Эдинбург бұл бастаманы құптамады.