11:43, 05 Маусым 2022 | GMT +5
«Референдумда бюллетеньдер өшіп қалатын сиямен толтырылып жатыр» - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның интернет сегментінде 5 маусымдағы республикалық референдумда түсірілген деген жазумен видео жариялана бастады. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай «өшіп қалатын» сиясы бар қаламдарды әдейі қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, интернетте таралып жатқан видео осыдан үш жыл бұрын бірнеше елде таралған.
«Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео – ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған болатын. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда тараған.
Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.