Референдумда республикалық қоғамдық штабтар нәтижелі жұмыс істеді – Төлеубек Мұқашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада референдум өткізуге байланысты құрылған республикалық қоғамдық штабтың өкілдері брифинг өткізіп, байқаушы ретінде ойларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кешегі референдум тарихи оқиға. Өйткені бұл 27 жылдан кейін өткен екінші референдум. Президенттің референдум өткізу туралы тапсырмасына сәйкес Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің бастамасымен ел аумағында қоғамдық штабтар құрылды. Республикалық қоғамдық штабқа мүше ретінде құзырлы органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жастар, саяси партиялар және БАҚ өкілдері тіркелді. Штаб мүшелері еліміздің барлық өңірінде референдум өтеді деген сәттен бастап жұмыс істеді. Үгіт-насихат, түсіндіру науқаны кезінде біздің өкілдері ауыл, аудандарды аралап халықпен кездесті. Референдум күні де респуб л икалық қоғамдық штабтар нәтижелі жұмысты көрсетті. Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды құру идеясын көтеріп, игілікті істі ел болып жұмыла іске асыруға шақырды», - деді республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Төлеубек Мұқашев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер еліміздің дамуында маңызды саналатын салаларды қамтиды.

«Қазір біз жаңа Қазақстанға қадам жасап жатырмыз. Ел жетістігі еселене түссін десек, әр қазақстандық өз үлесін қосуы керек. Біз еліміздің әр азаматы жаңа Қазақстан идеясын сезіне алса дейміз. Оның негізі елдің даму көрсеткіші ғана емес, бейбіт өмір және қоғамның тыныштығымен де байланысты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар