17:58, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Референдумға қойылар алдында Ата заңның мәтіні халықпен келісілді - Д.Қамзабеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады astana.kz.

Конференция жұмысына депутатар, зиялы қауым өкілдері, сот жүйесі мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
«Референдумға қойылар алдында Ата заңның мәтіні халықпен келісілді. Кеңінен талқылаудан өтті. 3 млн.азамат қатысқан, 33 мыңға жуық ұжымдық талқылаудан өткен Ата заңның жобасына 30 мыңнан астам ұсыныстар келіп түскен. Осы ұсыныстар бойынша, Конституция жобасының 55 бабына 1100 толықтыру мен өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі де халықпен келісілгендігін, елдің үмітін ақтағандығын көрсетеді», - деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы. Еске сала кетейік, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды.