Референдумнан жас аналар да шет қалмады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы перзентханаларындағы жас аналар мен жүкті әйелдер де, еліміз үшін маңызды күннен қалыс қалып жатқан жоқ.

жас аналар дауыс берді
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефендумнан шет қалмады.

жас аналар дауыс берді
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Референдум күні мегаполис перзентханаларында 43 нәресте өмір есігін ашты. Түнгі сағат 24 :00-ге дейін тағы да сәбилер дүниеге келуі мүмкін.

Жас аналар референдум - балаларымыздың болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олар 20:00-ге дейін ашық болады.

жас аналар дауыс берді
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе ?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

— «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».