Реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктері есепке алынбайды - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктері есепке алынбай жатады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл алдымен мұғалімдердің біліктіліктеріне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым және материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет. Яғни, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің есепке алынбайтыны екендігіне назар аудартты.

«Бүгінде мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым миинистрлігінің салалық құрылымдары өткізетін курстармен және семинарлармен шектеледі. Мұндай шаралардың қажет екендігі түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдер қауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram